$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде 45 мыңға жуық қырғыз жүр

Бұған қоса, Ресейдің көші-қон қызметі дайындаған «қара тізімге» 60 мың қырғызстандық ілінгені мәлім болды.
фото: qazaquni.kz
фото: qazaquni.kz

Қырғызстанның 850 мың азаматы шетелде уақытша немесе тұрақты тұрып жатыр. Бұл туралы Консулдық қызмет департаментінің директоры Алмаз Иманғазиев журналистерге баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, abai.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелдегі қырғызстандықтардың дені Ресейде жүр. Ол елдің көші-қон қызметіне Қырғызстанның 571 мың азаматы тіркелген.

Иманғазиевтің хабарлауынша, Қазақстанда 35-45 мың «айыр қалпақты ағайын» бар. АҚШ пен Канадада – 15-20 мың, Италияда - 5,5-6 мың, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 4-5 мың, Ұлыбританияда – шамамен 2 мың, басқа да елдерде – шамамен 10 мың.

Бұған қоса, Ресейдің көші-қон қызметі дайындаған «қара тізімге» 60 мың қырғызстандық ілінгені мәлім болды. Бұл тізімде 2017 жылы 100 мыңнан астам қырғызстандық болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары