$ 514.65  544.6  5.17

«Полиция бүйрегінен айырған» жас жігіт Маңғыстау облысының әкіміне үндеу жолдады (ВИДЕО)

Видеоүндеуде жігіт облыс әкімінен мәселені бақылауға алуын сұрады. Өйткені, прокуратура оның шағымына жауап бермеген.

Маңғыстау облысында мал ұрлады деген күдікке ілінген жігіт өзін полиция ұрды деп шағымданып, облыс әкіміне үндеу жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, inAktau.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір жас жігіт ауруханада жатыр. Айтуынша, полиция ұрып-соққаннан кейін ол бір бүйрегінен айырылған. Видеоүндеуде жігіт облыс әкімінен мәселені бақылауға алуын сұрады. Өйткені, прокуратура оның шағымына жауап бермеген.

Еске сала кетсек, желтоқсанның аяғында Ақтау қаласының тұрғыны Гүлназ Трапбекова өзінің ұлына 250 бас малды ұрлап әкетуге тырысты деген айып тағылғанын айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, полиция ұлын мойындату үшін ұрып-соғып, соның салдарынан жігіт бүйрегінен айырылып, мүгедек болып қалған.

Өз кезегінде полиция бұл күдіктелген жігіттің мал ұрлығына қатысы бар екендігін жүз пайыз дәлелдей алатындарын айтты. Ал оны ұрған өздері емес, бірге мал ұрлаған таныстары деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары