Әлеуметтік желі қолданушылары еліміздің түкпір-түкпіріндегі орталық алаңға құрылған біртүрлі шыршалардың суреттерімен бөлісіп жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олар @eto_astana_detka Instagram-парақшасына бөлісіп жатыр.
Суреттегі шырша Жамбыл облысының Мирный ауылында орналасқан. Көріп отырғаныңыздай, жаңа жылдық шырша жасыл түсті матадан жасалған және оған гирлянда мен жұлдыз ғана қойылған.
«Олар жаңа жылдық шыршаның қаптамасын алып тастауды ұмытып кеткен ғой», - деп жобалады желі қолданушылардың бірі.
Кейіннен Ақмола облысының Астрахань ауылына қойылған шыршаның суреті пайда болды. Айтпақшы, шыршаны алып металлмен тіреп қойғанына мән бермесек, жалпы мерекеге арналғаны сезіледі.
Пікір қалдырушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты шыршаны "темірмен тіреп қойғанын" жазуда.
«Қатты боран болғандықтан, шыршаны темірмен тіреуге мәжбүр болды. Ауа райының алай-дүлейлігіне өз көзімізбен куә болғанбыз", - дейді куәгерлер.
Павлодар облысының Көктөбе ауылындағы үшінші шырша жергілікті тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бұл шырша ғаламтор беттерінде бірнеше рет сынға ұшыраған болатын. Құрылымның өзі ұзартылған жасыл үшбұрышқа ұқсайды, оған бірнеше ойыншықтар мен гирлянда іліп қойған.
«Мүмкін емес! Бұл фотошоп»,«Бастысы - жасыл»,«Жыл сайын көз алдау үшін өтірік шыршаларды қоюдың қажеті қанша?! Көзбояушылыққа барғанша, мүлде қоймаған артық қой. Біздің жүйе осындай. Бастысы болса болды», - деп ашуланды желі қолданушылар.
Ақмола облысындағы Макинск қаласынан шыққан шыршаның суреті интернетте 16 сағат бұрын пайда болды. Автор оқырмандарына суретке ат қоюды ұсынды. Бұл жерде шыршаның ортасынан сынғаны маңызды болып тұр.
«Мерекенің үшінші күні», «Шаршаған шырша», «Жаңа жыл аяқталып, шырша ұйқыға кетті», «Пизаның сүйеніш мұнарасы по-казахски», «Өте әлсіз құрылған шырша, Зардап шеккендер болмағаны қуантады», - деп пікір білдірді олар.