Көкшетау қаласының әкімдігі Вернадский көшесінде орналасқан көпқабатты үйді ресми түрде апатты деп таныды. Осылайша, 90 отбасы небәрі бір сағат ішінде жеке пәтерсіз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Kokshetau.asia-ға сілтеме жасап.
Қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров арнайы жиналыс барысында ол үйлердің жарамсыз екені сараптама нәтижелері бойынша анықталғанын айтты. Сондай-ақ, шенеунік аталған ауданда көпқабатты үй салынып, болашақта апатты тұрғын үйлердегі тұрғындардың сол жаққа көшірілетінін айтты.
Алайда, тұрғындарға бұл пәтерлердің жалға берілетіні ұнамады. Осы уақытқа дейін олардың өз үйі болса, енді пәтер жалдап тұруға мәжбүр.