$ 443.85  474.3  4.8

«Түнде Иванға айнала ма?»: қауға сақалды, шолақ балақты жігіт сыра ішіп, темекі шегіп тұр (ВИДЕО)

Сәкен Кубиевтің «Ұялмай магазиннен қалай алды екен?» деген күдігі де орынды-ақ.

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек facebook парақшасына қауға сақалды, шолақ балақты жігіттің түнде тығылып сыра ішіп, темекі шегіп тұрған видеосын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біреу жігітті видеоға ағаштар арасында жасырынып түсіріп тұр. Ал оның белгілі бір ағым өкілі екенін өзге жұрттан өздері солай ерекшеленетін сырт келбеті ғана емес, жан-жағына сақтана қарағаны да айғақтап тұрғандай.

Сол алаңдағанына Айгүл Орынбек: «Ешкім көріп тұрмауы мүмкін, бірақ, Құдай көріп тұр! Өз-өзін қинап, кімді алдап жүр? Сақал қойып, балақ кесіп, өз жамағатын алдауы мүмкін, ал Құдай мен көзі ашық қоғамды алдау мүмкін емес!» - деп қынжылыс білдірді.

Бұл жазбаға қатысты пікірлер легін іріктеп ұсынсақ, Нұрлан Байғара деген азамат: «Түнде Иванға айнала ма?» - десе, Арман Казиев «Китайский молда», - деп кекеткен. Таңатбек Нұрлыбаев есімді жігіттің «Қой терісін жамылған қасқырлар» деген пікірі солардікімен үндессе, Сәкен Кубиевтің «Ұялмай магазиннен қалай алды екен?» деген күдігі де орынды-ақ.

Ал Мақсат Кенжебайұлы: «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама деген... Дін жолында адал еңбек етіп, қызмет қыла алмасаң, бұлай Құдайыңды алдау – үлкен қателік», - деп тіксініп отыр.

Кім білсін...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары