Намазға жығылуға ниеттенген қарияның жайнамазына ауыз шаятын бөтелке түсіп кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram әлеуметтік желідегі @lemonstyle_kz парақшасы егде жастағы адамның намазға жығылу сәтінен видео жариялады.
Видеода намазға жығылуға дайындалған қария дәретін шала-пұла алады. Оған қоса, "бісмілләсін" айтып бастаған қарттың төсқалтасынан бөтелке толы арақ сып етіп сытыла шыққанын байқаймыз.
"Ауыз шаюға арналған ғой", - деп ұлына ақталған әке намазын әрі қарай жалғастыра береді.
Парақша видеоның үстіне үлкен әріптермен "Хайп па, айып па?" деп жазып қойыпты.
Дінді ойыншыққа айналдырған адамның жұмаққа немесе тозаққа баратынын, әрине, біз шешпейміз. Бірақ та шалдың намаз оқу тәртібінің өзі көзге оғаш, жүрекке қаяу түсіретіні анық.
Өйткені ол рәкағаттарды толық тәмамдамай, намазды Аллаға салауат айтып аяқтап тастаған. Осы орайда, "хайп үшін намазды мазаққа айналдырған ғой" деген ой келеді.
Желі қолданушылары "күндіз имам мен Ивандықты" қатар алып жүрген қарияның әрекетін жақтырмай, балағаттың астына алып, қарғап-сілеп жатыр.
"Мұсылман емес пе, мал, сонда мазақ қылып тұр ма? осындайларды елден, діннен кұрту керек қой", "Дінмен ойнамаңдар, ол ойыншық емес, абайлаңдар", "Төріңнен көрің жақын шақта масқара болдың ғой", "Ақырзаман белгісі, Алланың аятымен ойнайды", "Ақсақал, Аллахтан қорықпайсың ба?", "Сенің сөзіңде пәтуә жоқ, өйткені сен ішесің. Шығарып отқан баласына да сөз жоқ", "Ой сорлы арақтан өлсе де, намазды былғағаны несі. Ата сақалы аузына түскенде арағын қатын қылып жүр", "Ми жетпеген мисыздар, масқара", - деген сыңайлы пікірлер көбеймесе, азаяр емес.