$ 494.87  520.65  4.91

«Қарағандыдағы көше атаулары өзгеретін болса, миллиондаған ақшаны төлеуге дайынмын» - кәсіпкер Ерлан Әшім (ФОТО)

Тіпті фейсбук әлеуметтік желісінде Ерлан Әшімнің бұл мәрттігіне қолдау білдіру мақсатында кәсіпкер басқаратын «Нәтиже» өнімдерін ғана тұтынуды ұсынған челлендж бастағандар да болды.

Күні кеше Қарағанды тұрғындары қаладағы 10 көшенің атауын өзгерту бойынша көпшілік тыңдауға қатысып, өз  дауыстарын ортаға салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы аталған көшелердің атауын өзгерту мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өткізілетінін бірнеше күн бұрын жұртшылыққа хабарлаған еді. 

Көптен күткен тарихи сәтке қатысып, өз пікірін білдіруге жиналған жұрттың арасында  көше атауын қазақшалауды қолдағандар саны  мол болды. Қарсы болғандар да . Соның бірі  «Көше атауларын өзгертуге қыруар ақша кетеді. Оған кететін қаражат менің төлейтін салығымнан ұсталады. Одан да сол ақшаға қаланың басқа мәселелерін шешкеніміз дұрыс» дегенде. Бұған қарсы жауабы дайын белгілі кәсіпкер, «Нәтиже» сүт компаниясының басшысы Ерлан Әшім атауларды ауыстырға кететін шығынның бәрін өзі басқаратын кәсіпорынның көтеріп алуға дайын екенін мәлімдеген.

«Сіздер салық туралы айтып жатырсыздар. Мен кәсіпкер ретінде республикалық бюджетке жыл сайын 250-300 млн. теңге, ал облыстық бюджетке 50 млн. теңге көлемінде салық төлеймін. Егер көше атаулары өзгеретін болса, бұдан да көп соманы төлеуге дайынмын. Көше бойындағы тақтайшаларды ауыстыру шығындарын өз мойныма аламын», – деді Ерлан Әшім.

Кәсіпкердің мәрттігі зал толы адамның қошеметіне ие болды.

Тіпті фейсбук әлеуметтік желісінде Ерлан Әшімнің бұл мәрттігіне қолдау білдіру мақсатында кәсіпкер басқаратын «Нәтиже» өнімдерін ғана тұтынуды ұсынған челлендж бастағандар да болды.
Жиын соңында қарағандылықтардың бірауыздан дауыс беруімен Ленин көшесінің атауы –Абай Құнанбаев, Приканальная– Сарыарқа, Кривогуза – Қасым Аманжолов, Защитная – Григорий Потанин, Зональная – Александр Затаевич, Олимпийская – Нарманбет Төлепов,  Волочаевская –Камали Дүйсембеков, Кувская – Қазыбек Нұржанов және Аманжолов – Балқантау көшесі болып өзгеретін болды.

Аталған мәселе алдағы уақытта қалалық және облыстық мәслихат сессияларында қаралмақ. Одан кейін Республикалық ономастика комиссиясы оң шешім қабылдаған жағдайда, тыңдалымда ұсынылған көше атаулары ресми түрде қолданысқа енгізілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары