Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 42 жасқа толып жатыр. Осы орайда Instagram-дағы @astanovka98 парақшасы әкімді туған күнімен құттықтап, оқырмандардан тілек жазуын сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов 42 жасқа толды. Сіз оған не тілейсіз?», - деп жазылған жазбада.
Желі қолданушылардың басым бөлігі шенеунікке денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тіледі.
«Маған пәтер сыйлауын тілеймін», «Жұмысын сүйетін орынбасар тілеймін», «Ісіңіз сөзіңізге сәйкес болсын», «Жүйке жүйеңіз мықты болсын», «Көшелердегі тазаланбаған қардай көп ақша», «Кептелістер аз болуын тілеймін», «Жалақыдан жалақыға дейін күнелтуді тілеймін», - деп олар әзіл-шыны аралас құттықтауларды қарша боратты.