$ 494.87  520.65  4.91

2019 жылы 41 мыңнан астам отандасымыз шетел асқан

Қазақстаннан кеткендердің саны елге келгендер санынан 28 468 адамға артық.
фото: arasha.kz
фото: arasha.kz

2019 жылғы қаңтар-қараша аралығында 41 819 адам Қазақстаннан кеткен. Бұл 2018 жылдың осы мерзіміндегіге қарағанда, 6,3%-ға көп, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің дерегіне сүйене отырып.

Республикадан кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне бағыт алған. Олардың саны – 37 890 адам (бір жыл бұрын 35 544 адам болған). Басқа елдерге 3 929 адам көшкен (бір жыл бұрын 3 813 адам болған).

2019 жылғы қараша-қаңтарда 2018 жылғы қараша-қаңтармен салыстырғанда, Қазақстанға келушілердің саны 5,2%-ға азайған. Мысалы, республикаға 10 949 адам келген. Оның ішінде ТМД елдерінен 8 505 адам келсе, Қазақстаннан кеткендердің саны 6,3%-ға ұлғайған.

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында орын алып отыр. Сол елдерінен келгендердің және оларға кеткендердің саны – тиісінше 77,7% және 90,6%.

Осылайша, көші-қонның теріс сальдосы сақталуда – минус 41 819 адам, яғни Қазақстаннан кеткендердің саны елге келгендер санынан 28 468 адамға артық.

Ел ішінде қоныс аударушы мигранттардың саны 23,7%-ға ұлғайып, 1 млн 13 мың адамға жеткен. Аймақаралық қоныс аударудың оң сальдосы еліміздің Маңғыстау облысы (1 060 адам) мен Нұр-Сұлтан (32 011 адам), Алматы (36 858 адам) және Шымкент (2 545 адам) қалаларында орын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шетел