$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда «көкек ана» жаңа туған нәрестесін кәріз құбырының жанына тастап кеткен

Табылған нәресте – қыз бала. Қазір оның жағдай ауыр, бірақ, тұрақты.
фото: almaty.tv
фото: almaty.tv

Атырауда кәріз коллекторының маңынан нәресте табылды. Құзырлы орган өкілдері қазір оны құтқарумен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Сәрсенбі күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай баланың жылаған даусын естіген. Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай нәрестені көрген.

Содан баланы үйіне алып келген әйел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

«Иә, мұндай жағдайдың болған рас. Табылған нәресте – қыз бала. Қазір оның жағдай ауыр, бірақ, тұрақты. Медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары