Күйеуін аямай ұрып жатқан әйелдің видеосы желі қолданушыларының зәресін алды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоны Facebook-желісінің белсендісі Сандуғаш Абдимова "Жұрттың сөзі не керек?" тобына бөліскен екен.
Видеода әйел күйеуінің үстіне шығып алып, бет-аузын қан жоса етіп ұрып жатыр. Тіпті ара-артасында дауысын шығарып, "түсіндің бе?" деп жекіп қояды. Соған қарағанда, еркек оңбай қателескенге ұқсайды немесе "араққұмар шығар" деген ой келеді.
Осыған орай видеоны көрген желі қолданушылардың ойы екіге бөлінді.
Кейбіреуі "Араққұмар еркек осылай қор болып, бəрінің алдында жер болып жүреді", "Күйінгеннен осылай істеген шығар", Әбден мезі қылған ғой әйелін. Шыдамның да шегі бар, қашанға дейін еркегінің қылығына көнеді, осылай берекесін қашырып отырса", - деп пікір қалдырған.
Ал кейбірі әйелдің әрекетін құптамай, сөгіп жатыр.
"Не болды сонша ер адамды қорлап, ішсе де, не істесе де мұнысы ұят. Мынаны көрген бала әкені сыйлай ма? Ал, әкені сыйламаған бала адамды сыйлай ала ма?", "Сұмдық, мынадай әйелмен қалай тұрады? Ауру ғой, емделу керек", "Ойбуй, ер жігіт шамасы жетеді ғой, жəй əйелін сыйлап тұр да. Әйелдікі тіпті дұрыс емес, əйел - əйел болып қалу керек əрқашанда", - деді олар.
Видеоның қай жақта түсірілгені белгісіз.