$ 489.06  536.21  5.05

Нұр-Сұлтанда Қабатов бастаған қылжақбастар су жаңа киіммен қар күреп жүр (ВИДЕО)

Одан гөрі, карьерасын осы жігіттер сияқты КТК ойынынан бастаған қала әкімі Алтай Көлгіновтің әкімдік тарапынан техника мен еңбек күшін көбірек жұмылдырғаны маңызды.

Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челлендж бастады. Олар тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қала әкімдігінің ресми сайтына сүйене отырып.

Волонтерлер аталмыш челленджді бастау идеясын қардың қалың түсуі және коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетумен байланыстырады. Бүгінгі күннің өзінде елорда еріктілерін белгілі әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов, тележүргізуші Асхат Садырбай және «Назар аудар» театрының әртістері қолдады.

«Біздің қаламыз, еліміз – біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз», - деді Тұрсынбек Қабатов.

Сонымен қатар, ол эстафетаны «Формат» тобына, «А.И.» музыкалық-театр орталығы мен «Астана» футбол клубына табыс етті.

Бәрі дұрыс қой, алайда, жылтыраған ашық түсті киіммен бір-екі үй ауласының қарын күреген болып, онысын видеоға түсіріп, көзбояушылық акциясын жасағаннан қарлы көшелер қалыпқа келе қалмайды.

Одан гөрі, карьерасын осы жігіттер сияқты КТК ойынынан бастаған қала әкімі Алтай Көлгіновтің әкімдік тарапынан техника мен еңбек күшін көбірек жұмылдырғаны маңызды. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» дегендей, коммуналдық шаруашылық жұмысшыларына таза киімді жылтырбеттердің саусақ ұшын тигізгені көмек құрлы болмас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары