$ 447.4  477.55  4.76

Алматы: «Алғабас» ықшам ауданындағы тұрғын үйдің не себепті қисайғаны анықталды

Үйдің қисаюына бірнеше себеп бар.

«ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ басқарушы директоры Ералы Шоқпаров Алғабаста (қазір Зерделі-6 ықшамауданы деп аталады — авт. түсіндірмесі) үйдің қисаюына не себеп болғаны және құрылыс кезінде негізгі қателіктерді болғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері тергеу органдарына жіберілген. № 179 үй 31 сантиметрге қисайған — бұл «ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ-ның тахеометрдің көмегімен алынған ресми мәліметтері. Солтүстік жағынан зерттеу кезінде осындай болып шықты, ал оңтүстік-шығыс жағынан 29 сантиметрге қисайған. Қисаю көрсеткіші — нормадан асып кеткен. Үйдің қисаюына бірнеше себеп бар.

Олардың арасында негізгілері:

Арық жүйесі және аумақты тік жоспарлау дұрыс емес;

Техногенді, еріген, жаңбырлы, канализациялық сулар үйдің түбіне жинала берген;

Іргетастың астында құрылыс қоқысы табылды;

Іргетас астындағы топырақ тірегі 1,5 метр болуы керек, алайда онда тек 1,01 метр;

Топырақты қайта себу дұрыс жүргізілмеген, тығыздамай себе салған;

«Онда қалыңдығы 30 сантиметр болатын тығыздалған саздақ болуы керек. Бұл тұрғын үйдің айналасындағы саздақтар, еріген және атмосфералық сулар ғимараттың іргетасына түспеуі үшін жасалады. Біз саздақтың орнына құрылыс қоқыс заттары төгілгенін анықтадық. Топырақты тығыздамай төсеген. Үйді жай ғана қара жерді тегістеп, үстінен бульдозермен жүріп өтіп, сала салған», — деді «ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ басқарушы директоры Ералы Шоқпаров.

Маман ғимаратты қалай түзейтінін түсіндірді. Бастау үшін үйдің периметрі бойынша су іргетас астына түспеу үшін сүзгілеу экранын жасайды. Ол үшін екі метр тереңдікке диаметрі 110 миллиметр бұрғылау жабыны түсіріп, цемент құяды. Осыдан кейін қисаюды түзеу процесі басталады.

«Кері жағынан теңестіру үшін топырақ қазып алынады, өйткені үй қатты қисаймаған, сондықтан ылғалдамай топырақты алып тастаймыз. Осыдан кейін үйдің айналасына диаметрі 500 миллиметр, ұзындығы 14 метр бұрғы қадалар қойылады, яғни бұл қадалар қатты топыраққа салынады. Инженерлік іздестіру деректері бойынша 14 метр тереңдікте қатты топырақ бар. Кейіннен — роствер құю (таспалы іргетас — авт. түсіндірмесі). Қазіргі іргетастың арматурасын шығарып, соған жаңа іргетасты байланыстыру үшін тоқимыз», — деді ол.

Осыдан кейін мамандар ғимараттың жарықтарын қайта зерттеп, оларды жою жөнінде ұсыныстар береді. Шамамен 1-3 ай аралығында толықтай аяқталады екен.

«Зеренді-6 ықшамауданында отырғызылатын топырақтың техникалық қасиеттері бойынша санаты — үшінші. Мұндай топырақ мұз айдыны ауданында барлық жерде үшінші санаттағы түрі бар. Қолданыстағы нормалар мен жобалық шешімдер талаптарын сақтай отырып құруға болады. Егер барлық жұмыс стандарт бойынша жасалса, онда мұндай мәселелер болмас еді», — деді Ералы Шоқбаров.

Енді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Зерделі-6 ықшамауданындағы барлық үйлерді тексеруді жоспарлап отыр. Осыған дейін Алғабаста көпқабатты үйдің қисаюын жою жұмыстары ақпанда басталатыны айтылды. Сондай-ақ, жер асты суларын соратын теректерді отырғызу ұсынылды.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Зерделі-6 ықшамауданындағы №179 үйдің тұрғындары үй жарығына жаппай шағымдана бастады. Әкімшілікте өлшеуден кейін қисаю барын растады, бірақ шамалы екенін айтты. Тұрғындар сулы топырақты көріп шошыған. Сол себепті тұрғындар үйлерінде тұрудан бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары