$ 447.4  477.55  4.76

«Келесі кезек неде?»: төтенше жағдайға жұмылдырылған БТР-дің де қалың қарға әлі келмеді (ВИДЕО)

Осындай сәтте "КамАз қар құрсауында қалса, не болады?" деген сұрақ туындайды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда қалың қармен күресуге жұмылдырылған бронетранспортерлер де қар құрсауында қалып қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Арнайы техниканың әлі келмегендіктен танкілерді іске қосуға тура келген», - деп жазды Instagram-дағы @saginblog.kz парақшаның авторы.

Шамамен бір жарым сағат өткеннен кейін сол Instagram-парақшада бронетранспортерлердің қарда қалып қойған видеосы жарияланды. Қазір оны КамАЗ шығарып жатыр.

Осындай сәтте "КамАз қар құрсауында қалса, не болады?" деген сұрақ туындайды.

Бұл жағдай желі қолданушылардың мазағына айналды. Олар бұл көріністі "Шалқан" ертегісіне ұқсатты.

"Шалқанды немересі, немересін атасы, әжесі атасын тартатын ба еді ертегіде?", "Келесі кезек неде?", - деп әзілдесті олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары