$ 494.87  520.65  4.91

150-ге жуық адам бас көтерді: Ақтөбеде депо жұмысшылары басшыларынан қысым көріп келген

Жұмыстағы артық жүктемені айтпағанда, жеке шаруаларына да жегіп алады екен. Көбі бастықтарының үйіне барып, құбыр алмастырып, терезе салып, тіпті, қарын күреп берген.
фото: zen.yandex.ru
фото: zen.yandex.ru

Ақтөбеде Локомотив пайдалану депосының жұмысшылары шу көтерді. Жүз елуге жуық адам қазіргі басшыларынан қысым көрдік деп отыр. Нақтырақ айтсақ, қызметін асыра пайдаланғандар еңбектерін қанайды, онымен қоймай, өз шаруасына құлша жұмсайды деді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Машинстердің айтуынша, 5 жыл бойы айлықтары көтерілмеген. Керісінше, күннен-күнге құлдырап түсіп барады деседі. Артық сағаттарға ақы төленбейтін көрінеді. «Құл болып жүрміз» деп ашынған олар, басшылар тарапынан қысым көріп жатқандарын да жасырмады. Жұмыстағы артық жүктемені айтпағанда, жеке шаруаларына да жегіп алады екен. Көбі бастықтарының үйіне барып, құбыр алмастырып, терезе салып, тіпті, қарын күреп берген.

«Депо басшысына көңіліміз толмайды. Моралдық тұрғыда кемсітеді. Ешқандай этика жоқ. Сыпайылық сақтамайды. Бізге бірдеңе болса, «Тупые, жұмыстан шығарамын» деп қорқытады. Кадрлардың білім жетілдіруіне тек өз туыстарын жібереді», - дейді тепловоз машинисті Қонысбай Фамилбаев.

Бұл ретте, депо басшысы Талғат Медеубаевтың бұл қызметке келгеніне 5 жылдан асқан. Ол өзіне қатысты айыптауларды негізсіз деп отыр. Алайда, 8 сағаттан артық жұмысқа тартылғандарға қосымша қаражат төленбеуі, еңбек шартының бұзылуы сынды мәселелерді енді арнайы мамандар тексеруге кіріспек.

«Олар қазір бізге сол бойынша арыз жазуы керек. Құқықтық статистика басқармасы, прокуратура тіркеп, сол арызбен тексеруге шығамыз», - дейді Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Бауыржан Оразаев.

Осы мәселеден соң жұмысшылардың арызы бойынша арнайы комиссия құрылып, оның мүшелері жұмыстарын бастап та кетті. Нәтижесі келесі аптада белгілі болады екен. Егер депо басшысына тағылған айып дәледенсе, оған қолданылатын жаза да соған сәйкес тағайындалмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары