$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылықтар қоғамдық көліктердің тоқтауына байланысты үйлеріне жаяу қайтуға мәжбүр (ВИДЕО)

Айта кетсек, Прихатинск пен Қарағандының арасы - шамамен 15 км.

Қарағандылықтар қоғамдық көліктің жүрмеуіне байланысты ақтүтек боранда үйлеріне жаяу қайтуға мәжбүр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағандылықтардың қазіргі жағдайын @ekaraganda.kz Instgram-парақшасы мәлімдеді.

«45 квартал» және «Тахир» аялдамасында автобусты күтіп тұрған қара халықтың саны азаяр емес.

Видеодан қоғамдық көліктен көңілі қалған халықтың қала сыртына жаяу жолға шыққанын байқауға болады.

Олардың бір жаққа беттегенін байқаған куәгер олардың қайда бара жатқанын сұраған көрінеді. Сөйтсе, тұрғындар Прихатинске жаяу кетіп барады екен.

Айта кетсек, Прихатинск пен Қарағандының арасы - шамамен 15 км.

Ашынған желі қолданушылары қоғамдық көліктің тоқтағанына наразылық білдіріп, жазба астына қаһарлы пікірлерін жаудырып жатыр.

«Неліктен адамдарды осындай дәрежеге жеткізіп отыр? Әлде бізді өлместің қамын жасауға үйретіп жатыр ма? Неліктен әкімдік жұмыс күнін қысқарту туралы бұйрық бермейді? Үйге тағы 3-4 сағат жүруіміз керек пе?»,«Әкіммен қоса әкімшілік қызметкерлерін таратып жіберу керек», «Үш ұйықтасам да, түсіме кірмеген жағдай. Ахметовтың кезінде бәрі жақсы болатын. Техникалар неге жұмылдырылмай жатыр?», «Адамдардың өмірін ойыншыққа айналдыруларын-ай! Масқара! Автобус түгілі жол тазалайтын техникалардың қарасы көрінбейді», - деп ашуланды олар.

Осы орайда Қарағанды әкімдігінің ресми сайтында ауа райының қолайсыздығына байланысты қоғамдық көліктердің тоқтатылғаны туралы ақпарат шықты.

«ТЖ департаменті мен Қарағанды қалалық ПБ ұйғаруымен қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді: № 118, № 55, № 37, № 15, № 49, № 73, № 33. (Пришахтинск, Сортировка, ЖБИ). №45 және № 145 қоғамдық көліктің жұмыс кестесі екі есе қысқарады», - делінген хабарламада.

Өзге қоғамдық көліктер белгіленген жұмыс кестесін сай жұмысын жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары