$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада мүгедек баласын тастап, Кореяға жұмыс іздеп кеткен әйелге үкім шықты

Полиция баланы қамыс ішінде ойнап жүрген жерінен тапты. Мән-жайды анықтағаннан кейін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.
фото: zhasalash.kz
фото: zhasalash.kz

Қызылордада дамуы артта қалған 9 жастағы баласын танысына қалдырып, Кореяға жұмысқа кеткен әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім болғанындай, Қызылорда қаласындағы шеткі аймақта тұратын бала бұрын мектепке бармаған. Оқи да, жаза да алмайды. Сөйлеу қабілеті де шектелген. Оны алғаш жергілікті тұрғындар байқаған. Балаға тамақ беріп, біршама уақыт үйлерінде ұстаған. Оны іздейтін адамның жоқтығы анықталып, тұрғындар полицияға хабарласқан.

Полиция баланы қамыс ішінде ойнап жүрген жерінен тапты. Мән-жайды анықтағаннан кейін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Кейіннен белгілі болғандай, оны анасы тастап, Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен көрінеді. Ал әкесі былтыр қайтыс болған.

Психологиялық, медициналық-педагогикалық комиссия баланың дамуы артта қалғанын анықтаған. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баласын тастап кеткен әйелге қатысты үкім шығарды.

Соттың баспасөз қызметінің хабаралуынша, анасы кәмелетке толмаған баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылды. Жеткіншек Қызылорда қалалық білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыратын органның қамқорлығына берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары