$ 494.87  520.65  4.91

Мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапасы сын көтермейді

Тамақ пісіру технологиясы мүлдем ұмыт қалыпты.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы мектептерінде оқушыларға сапасы сын көтермейтін ас беріп келген. Мұны мамандар арнайы мониторинг жүргізу барысында анықтапты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде қаладағы мектептердің 245-інде асхана болса, соның 53 пайызында өрескел заң бұзушылықтар әшкере болды. Нақтырақ айтсақ, асхананы жалға алушылар тағам дайындау үшін талапқа сай келмейтін азық-түлік пайдаланыпты. Тамақ пісіру технологиясы мүлдем ұмыт қалыпты. Аспаздар санитарлық талапты ескермеген. Ең сорақысы, алдын ала дайындалған асты ұл-қыздарға қайта жылытып берген асханалар да бар екен. Ал бес мектепте мүлдем тыйым салынған өнімдерден тағам дайындалып, еш кедергісіз оқушыларға ұсынылыпты. Ережені өрескел бұзып, балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндірген кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылды.

"Жалға алып отырған 22 субьектіге 1.6 миллион айыппұл салынды. 22 ұйғарым берілді. Ал үш жалға берушілермен білім беру басқармасы жалға беру шартын жойды", - Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары