$ 494.87  520.65  4.91

Асаба жиендерін бағып, жертөледе күнелткен кейуананың несиесін толық өтеп берді

Десе де әжесі далада қар күреп, еден жуып балаларын қатарынан қалдырған емес.

Жиен-немерелерін бағып отырған кейуана күтпеген көмекке кенелді. Тар бөлмеде тұрмыстың тауқыметін тартқан отбасыға әнші емес, актер емес, қарапайым асаба көмекке келді.

Бұл туралы «Сенбілік жаңалықтар» бағдарламасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Ол балаларға бас-көз болған әжейдің несиесін толық өтеп, бір айға жететін азық-түлік қорымен қамтамасыз етті.

Батыс Қазақстаннан келген асаба Нұрбек Саламатов немерелерімен жертөледе күнелткен отбасыға қол ұшын созды.

Зайра әжей балаларының рахатын көретін шағында 4 немересін бағып, асырап отыр. Қызынан туған балалар не әке мейірімін, не ана махабатын көрмей өсіп келеді. Жандары жаралы. Десе де әжесі далада қар күреп, еден жуып балаларын қатарынан қалдырған емес.

Зайра әжей қызы өз өмірін жаңадан бастасын деген болар, бірақ ес біліп келе жатқан балалары бәрін біледі. Қызы олардан бөлек тұрады. Күйеуімен ажырасып кеткен. Балалардың әкесі алимент төлемейді. Туыстары да балалардан бас тартып, керек етпеді.

Нұрбек Саламатов балаларға ақшалай сыйлықтар беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Одан бөлек әжейдің несиесін толығымен жауып берді. Алдағы уақытта да хабарласып, көмектесіп тұруға дайын екенін айтты. Келесі қайырымдылық эстафетасын «Назар аудар» театрына, театр әртістеріне жолдады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#несие #асаба