$ 481.84  531.33  5.07

Елорданың студенттері тозығы жеткен жатақхананы паналауға мәжбүр (ВИДЕО)

Анықталған кемшіліктерді жауапты мемемелерге жеткізбек.

Елордада жарты ғасыр күрделі жөндеу көрмеген жатақханада студенттер тұрып жатыр, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

«Политехникалық колледждің» 200-ден астам студенті көне ғимаратты паналауға мәжбүр. Бүгін «Jas Otan-дықтар» студенттер үйінде болып, қауіпсіздік шаралары сақталмағаны анықтады. Апат бола қалса шығатын жолдар жабық. Кей бөлмелердің терезесі оңайлықпен ашылмайды.

«Jas Otan-дықтар» енді мұндай рейдтік шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр. Анықталған кемшіліктерді жауапты мемемелерге жеткізбек.

«Колледждің тікелей басшысының, тікелей колледж әкімшілігінің жауапкершілігі деп есептейміз. Әркім өзінің ісіне адал болатын болса, өзінің ісін дұрыс жасаймын деген азамат болса өзгерістерді жасайды», - деп мәлімдеді «JAS OTAN» ЖҚ төрағасы  Елнұр Бейсенбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары