$ 448.15  483.46  4.86

«3,5 миллион теңгеден астам табыс тапты»: үржарлық сауыншы зауытқа сүт тапсырудан рекорд жасады

«Ең бастысы, ешқашан еңбектен қорықпау керек. Әсіресе, өңір жастарын ауылға баруға шақырамын. Бізде үлкен жоспарлар бар».
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үржар ауданының тұрғыны бір жылдың ішінде 38 мың литр сүт тапсырған. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің облыс – сүт өндіру саласында көш бастап тұрған өңірлердің бірі. Бүгінде сүт өңдеу зауыттарының қуатын еселедік. Бұған ең алдымен халықтан сүт сатып алу пункттерін құру ісі оң ықпал етті. Енді, міне, бұл жұмыстың жемісін көріп отырмыз.

Достар, сіздерді Үржар ауданының тұрғыны Роза Болатхановамен таныстырғым келеді. Ол тынымсыз еңбегінің нәтижесінде, Шығыс Қазақстан бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Бір жылдың ішінде 38 мың литр сүт тапсырды. Осылайша, былтыр 3,5 миллион теңгеден астам табыс тапты.

Үржар ауданы әкімінің есеп беру жиынында сөз алған Роза Қосжанқызы осы бағыттағы отбасылық бизнесті бастау үшін қорадағы мал санын көбейтуге мемлекеттен қол ұшын созуды сұрады. Біз, әрине, оған қолдау көрсетеміз.

Ең бастысы, ешқашан еңбектен қорықпау керек. Әсіресе, өңір жастарын ауылға баруға шақырамын. Бізде үлкен жоспарлар бар. Тек Үржар ауданында биыл экспортқа бағытталған жүгері алқабын 3351 гектардан 4000-ға дейін, соя алқабын 958-ден 2000 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - дейді Даниал Ахметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары