$ 449.58  486.94  4.86

«02.02.2020 жылы таңда алып ұшты»: Ухандағы жастарды алып қайтуға қазақ ұшқыштың ғана батылы барған

Осылайша, Аслан Асхатұлының арқасында жүздеген ата-ана қатты үрей мен уайымнан серпіліп, көңілдері орныққан.

Белгілі ғалым Бейбіт Сапаралы facebook парақшасында тегі қазақ азаматтың ерлігін тебірене жазды. Айтуынша, ол коронавирус дерті өршіп тұрған Қытайдың Ухань қаласынан жүздеген жастарды алып қайтудан өзге ұлт өкілдері бас тартқан сәтте, қандастарын қауіпті аймақта қалдырмауға жалғыз өзі бел буған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ерлік күнделікті өмірде болып жатыр. Жеңіл атқарылған соң ерлік қарапайым іс сияқты көрініс табады. Күні кеше Уханнан жүздеген жастарды алып қайту мәселесі тұрғанда, өзге ұлт өкілдері тайсақтап бас тартқан. Міне, сол кезде жас та болса халықаралық деңгейдегі тәжірибесі мол ұшқыш Аслан Асхатұлы бауырымыз нағыз қазаққа тән қайсар мінез танытып, қатерлі сапарға бірден тәуекел еткен» деп жазды ғалым.

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» дегендей, Бейбіт Сапаралы жас ұшқыштың бұл тәуекелін өзінің үйлену тойында үлкен генералдардан алған ақ батаның нәтижесі деп біледі.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын Аслан үйленгенде алғашқы болып тілек-бата айту мәртебесі тиіп, Қазақ әуе жолдары негізін қалаған ұшқыш-генерал Амантай Жолдыбаев пен ҰҚК-нің генерал-майоры Бекет Байғазиевпен бірге жүрекжарды тілектерімізді айтып, үлкен өмір жолына ақ батамызды берген едік.

Енді, міне, соның орындалғандай бір көрінісі болып, 02.02.2020 жылы таңда Уханнан 80 қазақ жастары мен Белорус, Армян және Қырғыз азаматтарын алып ұшып, бас ұшқыш Аслан басқарған арнайы топ бір топ қауымды апатты аймақтан алып шығып, діттеген уақытында Нұрсұлтан қаласына жеткізді», - дейді ол.

Осылайша, Аслан Асхатұлының арқасында жүздеген ата-ана қатты үрей мен уайымнан серпіліп, көңілдері орныққан.

«Қатерлі вирус жұқтыруы мүмкін деген бірнеше қазақ жастарының қатал карантин аймағынан шығарылуға қатаң түрде рұқсат берілмеуі де – амалсыз шара. Ухандағы қандас бауырларымызға Құдайдан жалбарынып шипа тілейміз! Үлкен апаттардан ел-жеріміз аман-сау болсын!» - деп тіледі ғалым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары