$ 494.87  520.65  4.91

«Жөндеуге енді қолыңыз тиер»: журналист Талғар ауданының әкіміне саябақтарының сиқын көрсетті (ФОТО)

«Қараңғы парктен тайғанақтап шыққан жұрт сіздер крузак қоятын жерге қарап қызығып, үйіне қайтады екен...».

Белгілі журналист Қасым Аманжол facebook парақшасына Алматы облысының Талғар ауданындағы аткөпірі шыққан саябақтың суреттерін жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров мырза, бүгін есептік кездесуіңізді өткізген екенсіз. Облыс басшысы Амандық ағаңызбен әкімдік артындағы алты метр жердегі паркте бір рет серуендемедіңіздер ме? Көрініс мынадай: сынған орындық, жанбайтын шам, қираған қоқыс шелегі, көк тайғақ жол.

Аудан орталығындағы адам сейілдейтін жалғыз саябақты жөндеуге енді қолыңыз тиер деп үміт етемін. Айтпақшы, парк түнек болғанмен, қатар тұрған қоршау ішіндегі атшаптырым әкімдіктің арты самаладай жарық. Қараңғы парктен тайғанақтап шыққан жұрт сіздер крузак қоятын жерге қарап қызығып, үйіне қайтады екен...», - дейді жазба авторы.

Оған пікір жазған Дархан Бердіғұлов деген азамат: «Еліміздің осындай күйін көргенде болашағымыз не болады деп ойлайсың. Мемлекеттік қызметкерлер галочка үшін жұмыс істейді», - деп налыды.

Ал Абдрахман Мамашұлы деген желі қолданушы: «Тұрғындарда мәдениет жоқ екені анық көрініп тұр. Ана орындықтарды қараңғыда біреулер сүрініп қалып сындырмаған, тепкілеп сындырған. Қоқыс тастайтын жәшік тұр, бірақ, қоқысты жерге лақтырған. Жалпы, біздің халықтың мәдени деңгейі ұяларлық дәрежеде. Мұндай халықтан шыққан әкім-қаралар қайдан оңсын?! Көпке тілім тигендей болды, Құдай кешірсін!» - деп, саябақтың бұл аяқ алып жүргісіз «аянышты» қалпына тұрғындарды да кінәлап қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары