$ 494.87  520.65  4.91

Дәрігерлер ақтөбелік әйелге інісінің бауырын салып берді

Бауыр ауыстыру операциясы Ақтөбеде бірінші рет жасалып отыр. Аса ауыр отаны кореялық хирург Кванг Вунг Ли мен астаналық профессор Жақсылық Досқалиев жүзеге асырған деп жазады "Диапазон" порталы.

Облыстың бас дәрігері Ерлан Сұлтангеевтің сөзінше, 38 жастағы әйел бауыр циррозымен ауырған. Өткен жылдың тамызынан бастап донор іздеген әйелге 26 жастағы інісі өз бауырын беріпті. Осылайша, С гепатитінен басталған ауру бауырды ауыстыруға мәжбүрлеген. Науқастың бөгде ағзаға үйренуі үшін үш апта уақыт кеткен. 

Отаны үйрену үшін облыстық дәрігерлер үш апта Оңтүстік Кореяда оқып келдті. Бас дәрігердің айтуынша, мұндай операция әлі де жасала бермек. Себебі, облыста 63 адамға бауыр ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Бірақ олардың басты мәселесі - донор табу қазір қиынның қиыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары