Әлеумет 06.02.2020 сағат 15:40

Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикая актерлеріне кастинг жарияланды

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 15 ақпанға дейін casting.abai@kaztrk.kz поштасына жолдай алады.
Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикая актерлеріне кастинг жарияланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

“Қазақстан” телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды. Кастингке арнайы актерлік қабілеті бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа отыра алатын ер-азаматтар қатыса алады.

Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінімдер қабылданған болатын. Бүгіннен бастап Телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік басталды.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 15 ақпанға дейін casting.abai@kaztrk.kz поштасына жолдай алады.

Қосымша мәліметтер үшін: 8 747 706 64 94, 8 707 401 55 91.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар