$ 494.87  520.65  4.91

Павлодардағы «тәтті трамвай» жолға шықты

Ең бастысы – дәл уақытта, тиісті аялдамада болу.

Ақпан-наурыз айларында бесінші айналмалы бағыттағы трамвайдың жолаушыларына тәттілер таратылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық трамвай басқармасының мәлімдеуінше, алғашқы "тәтті трамвай" 7 ақпанда жолға шықты. Бір сағат ішінде бесінші айналмалы бағыттағы барлық жолаушылар тәттілерден дәм татырды.

"Тәтті трамвайды" анықтау қиын емес, ол Ülker компаниясымен белгіленген. 7 ақпанда сағат 14:30-да трамвай "Вокзал" станциясынан шығып, келесі көшелермен жүріп отырады: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы - Ломов - 1 мамыр - Торайғыров, соңғы аялдама «Вокзал». Айналу бір сағатқа созылады, - деп атап өтті "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ-да.

Сондай-ақ трамвай басқармасында тәттілі трамвай ақпан айында 3 рет – 7, 19 және 28 күндері жолға шығатынын атап өтті. Акция наурыз айында жалғасады. Алты фирмалық вагон қатысады. Акцияны ұйымдастырушылар тәттілер бәріне жеткілікті болатынын айтқан. Ең бастысы – дәл уақытта, тиісті аялдамада болу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары