$ 494.87  520.65  4.91

Шұғыл: Қордайдағы қақтығыс бүгін үйлерге оқ атып, от қоюға ұласты (ВИДЕО)

Күндіз Жамбыл облысының Полиция департаментінен «бәрі полицейлер бақылауында» деп хабарлап еді, мына видеода ол жерден бір тәртіп сақшысының бой көрсеткені байқалмайды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Намыстанған Қордай жігіттері дүңгендердің үйін өртеп жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram-парақшасына жамбылдықтардың дүңгендерге қарсы жаппай көтеріліп, үйлерін өртеп жатқан видеосын жариялады (видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыздар).

«Қазақты ашуландырмаңдар! Бұл ата-бабамнан қалған ҚАЗАҚТЫҢ жері! Қордайдағы жайт! Еліміз тыныш болсын!» делінген жазбада.

Ал күндіз Жамбыл облысының Полиция департаментінен «бәрі полицейлер бақылауында» деп хабарлап еді, мына видеода ол жерден бір тәртіп сақшысының бой көрсеткені байқалмайды.

Осы орайда, желі қолданушылар да қарап қалмай, қазақтың намысты жігіттеріне қолдау білдіріп, олардың әрекетін құптап жатыр.

«Басқа ұлттарға сабақ болады. Дұрыс жасадыңдар, қазақтың кім екенін білмей жүргендер біліп алсын», «Сөмкесін жинап кетсін жерімізден», «Білсін шаңырақ кімдікі екенін», «Батырлар! Білсін қазақ жігіттерін!», «Үйлерінің бәрін өртесе болар еді, бір-екеуін ғана емес» деген сыңайлы пікірлердің саны азаяр емес.

Ал Қазақстандағы дүңгендер қауымдастығының төрағасы Хусей Дауровтың айтуынша, атыс Қордай ауданындағы Масаншы ауылында басталып, жағдай ушығып кеткен.

«Полиция жағдайды бақылауға алдық дегенімен, Масанчидегі жағдай бақылауда емес, одан сайын нашарлап барады. Келген жігіттер Масаншы ауылындағы 10-нан астам үйді өртеп жіберді. Енді атыс басталды. Тіпті, бір топ жігіттер кез келген адамға оқ жаудырып, ұрып жатыр. Полиция ештеңе істей алмауда. Адамдар қауіпсіздік күштерінің келуін күтуде, бірақ, әзірге жағдай өте нашар», - деді Дауров. 

Қазақстан дүңгендер қауымдастығы жетекшісінің өзі Масаншы кентінің жанында орналасқан Сортөбе ауылында тұрады.

«Қазір 10-нан астам аулалар өртеніп жатыр, өрт сөндіру машиналары да көрінбейді. Жаппай төбелес болып жатыр. Тек төбелес емес, басқа ауылдардан келген топтар жергілікті тұрғындарға оқ жаудыруда», - дейді ол. 

Айта кетсек, бүгін Қордай ауданында тұратын дүңген ұлтының өкілдері «80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматура және балғамен ұрып жаралағаны» туралы жазған болатынбыз. Үлкен қақтығысқа осы оқиға басты себеп сияқты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жайтты бұзақылық деп есептеді. Оған қоса, полицияның жағдайды реттеп, бақылауға алғанын мәлімдеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары