$ 446.49  475.38  4.79

«Мына төртбұрыш күміс бұйыммен коронавирусты емдеуге болады» - шымкенттік нумеролог

Алайда, білікті ғалымдар әлі күнге инфекцияны жоятын тиімді вакцина ойлап тапқан жоқ.

Шымкенттік нумеролог қарапайым күміс бұйыммен жұқпалы індетті емдеуге болатын тың жаңалық ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

"Міне, мына төртбұрышпен коронавирусты емдеуге болады. Ол үшін денеңізде оны 21 минут, 21 секунд ұстап тұруыңыз қажет. Сол кезде ауру жоқ болады. Бірақ, бұл теориялық тұрғыда дәлелденген. Өйткені, үш жыл бойы мен үйден шықпадым. Тылсым күштер маған ешкіммен араласпа, кітап оқыма, интернет қолданба деп бұйырды", - деді нумеролог Әбдіжаппар Шабдырайымов.

Нумеролог әзірге коронавирусқа шалдыққандарды емдеп көрмепті. Алайда, ұсыныс түссе, Қытайға барып, науқастарға өз тәсілін қолданып көруге дайын екен. Тіпті, Джеки Чан ұсынған қомақты сыйақыдан да үмітті. Бұған дейін голливуд жұлдызы Джеки Чан жұқпалы індеттің емін тапқан адамға 1 миллион юань, яғни 55 миллион теңге сыйақы беретінін жариялаған болатын. 

Алайда, білікті ғалымдар әлі күнге инфекцияны жоятын тиімді вакцина ойлап тапқан жоқ. Сондықтан Қытайдағы вирус күн сайын өршіп барады. Мәселен, Жапония жағалауындағы лайнерде індет жұқтырғандар саны 130 адамға жетті. Алғашында тек бір жолаушыдан коронавирус белгілері байқалып, алып кеме карантинге қойылған.

Саяхаттауға шыққан 3700 жолаушы осылайша бір аптадан бері Иокогама портында жіпсіз байланып тұр. Ал ауру ошағы таралған Қытайда бүгінге дейін 908 адам өліп, індет жұқтырған 40 мыңнан астам науқас ауруханада жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары