$ 494.87  520.65  4.91

«Өнегемізбен өзгені бауырымызға баса білейік» - Ұлытау ауданының әкімі

Оның айтуынша, қазақ халқы ұлттық құндылықтарды қадірлеуде ешкімге үлгі бола алмайды.

Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қордайдағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам қайраткері Facebook парақшасындағы жазбасында қазақтың құндылығын айта келіп, халықты сабырға шақырды.

"Қордайдағы жағдай, қоғамдағы түрлі талқыға түскен тағдырлар ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Бірнеше адам шығыны болды. Қаза бар жерде жаза да болары анық. Оны құзырлы орындар тергеп, тексере жатар. Менің айтпағым, мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының хақы жайында. Иә, мемлекет құраушы ұлт - қазақ халқы екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бірақ, біз мемлекет құраушы ұлт ретінде біріктіруші ұлтқа айнала алдық па деген сауал мені жиі мазалайды", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, қазақ халқы ұлттық құндылықтарды қадірлеуде ешкімге үлгі бола алмайды. Ол әр қазақты алдымен өзін тәрбиелеуден бастауға шақырды.

"Қазақ "Өзіңді өзің жаттай күт, жат бойынан түңілсін" дейді. Өзге ұлт өкілдері қазақ халқын құрметтесін десек, бірінші кезекте өзімізді өзіміз сыйлап, басқаға сыйлата білуіміз керек. Ерегіспен жүріп енші алу - біздің қанымызда жоқ қасиет. Елдің береке-бірлікте күн кешіп, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына мемлекет құраушы ұлт ретінде бірінші кезекте қазақ халқы жауапты. Ал өзге ұлт өкілдері дәстүрімізді дәріптеп, тіліміз бен дінімізді сыйлап, заңымызды құрметтеп, мемлекеттік тілді меңгеріп, жаттығын сездірмесе, біздің де оларға қашанда құшағымыз ашық. Тәуелсіз елімізде, өз жерімізде бірлігімізбен қазақтың төңірегінде біріккен бір ел болып, өнегемізбен өзгені бауырымызға баса білейік", - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары