"Қазақстандағы әйелдер күші альянсы" "Өздерінің әйелдерін ұрған ер азаматтар көше тазалау жұмыстарына жіберілсін!" деген бастама көтеріп отыр. Олардың ойынша, әйеліне қол көтерген адамды еңбекке тарту арқылы жазалау қажет көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандағы күйзеліс орталықтары бірлестігінің төрайымы Зульфия Байсақова болса: "Үйде жәбір көретін әйелдерге қараңыздаршы. Біз оларды жоғалтып отырмыз. Олардың денсаулықтарына зардап келеді, психологиялық күйзеліс тағы бар. Олар біздің қоғамға бейімделе алмай қалады", - деген пікірде.
Ал "Қазақстандағы әйелдер күші альянсының" төрайымы Раушан Сәрсембай халықаралық ұйымдармен келісім орнату арқылы әйелдерге құқықтық көмек беруге болатынына сенімді.
Ол "Біз халықаралық ұйымдармен, елішіліктермен келісім орнатпақпыз. Сөйтіп мемлекетіміздегі әйелдерді құқықтық жағынан тәрбиелеп, оларды бәсекелестікке қабілетті қылып шығарамыз. Түрлі тренингтер ұйымдастырамыз. Парламент сайлауына дейін саясаткер әйелдерді дайындап шығамыз", - деп тастүйін білек сыбанып отыр.
Үй жағдайында әйелдердің зорлық-зомбылық көруін зерттеуген мамандардың дерегіне көзжүгіртсек, Қазақстандағы әйелдердің 40 пайызы құқықтарын білмейді екен. Сарапшылар осы орайда, әлгі әйелдердің өздерін құқықтық тұрғыдан қорғай алмайтынын алға тартуда. Енді олар, бұл мәселенің шешудің, азайтудың шешімін тапқан екен. Мәселен, олар елдегі әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасы әзірлеген. Бұл құжат әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған.