Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов азық-түлік өнімдерінің сатудағы бағасын реттеуге кімнің жауап беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Директор орынбасарының айтуынша, мемлекеттік реттеу тек 19 әлеуметтік маңызы бар өнімге қатысты жүзеге асырылатын көрінеді.
"Олардың етке қатысты екі ұстанымы бар - сиыр еті мен құс етіне қатысты. Бұл тауарларды сату бойынша шектік бағалар белгіленеді. Оларды жергілікті атқарушы органдар былтырғы жылғы бағалармен салыстыра отырып, өсу тенденциясына орай өздері белгілейді", - деді Ахметов.
Оның айтуынша, бағаның өсуі мен сату бағасының бекітілуі сауда және интеграция министрлігінің құзыретінде. Сондай-ақ, әр облыста жергілікті билік белгілі бір өнімдер үшін бағаларды өздері белгідейді екен.