$ 446.49  475.38  4.79

Қандасымыз қазақтың дархан даласына қардан киіз үй тігіп, көпшіліктің алғысына бөленіп жатыр (ВИДЕО)

Видеодан аңғарғанымыз, киіз үй тектес салынған қар үй - 2-еу.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қандасымыз дархан даламызға қардан киіз үй тікті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Facebook әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Алмахан Мұқаметқалиқызы парақшасына ерекше видео жариялады. Роликті түсірген автор киіз үйлердің Алтай аймағы, Буыршын ауданы Шұңқыр ауылында орналасқанын айтады. Бұл - Қытайдағы Шыңжаң автономиясына кіретін елді мекен. Соған қарағанда қардан киіз үйді Қытайдағы қазақтар жасаған.

Қар үйдің авторы тышқан жылына арнап, тышқанның мүсінін де әдемілеп жасап шығыпты. Видеода автор тіккен қар үйдің ішінде адамдар жайбарақат алма жеп, әңгімелесіп отыр. Олар қардан керемет үй салып шыққан авторға таңданысын жеткізіп, алғысын жаудырып жатыр.

Видеодан аңғарғанымыз, киіз үй тектес салынған қар үй - 2-еу. 

Видеоны парақшасына жүктеген азамат: 

"Қазағыма өз отанынан аядай ғана жер берсеңіздер болды, қардан да киіз үй жасай салады! Қасиетті ел ғой!", - деп жазып қойыпты.

Ерекше туындыны тамашалаған желі қолданушылар да авторға ілтипатын білдіріп, оң бағасын беріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары