Бірнеше күн бұрын желіде дала жұмысынан қажыған әйелдің төмпешік қарға жантая қалған суреті тарап кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кейін Newsroom.kz суреттегі адамның 56 жастағы Нақып Мейізбаева есімді азамат екенін анықтады. Ол өзінің мүгедек баласымен қатар, ата-анасыз қалған жиенін бағып отыр.
Нақып Мейізбаева ескі үйде тұрады. Ол бала-шағасын асырап бағу үшін күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр.
Сондай-ақ, Нақып апайдың тер төгіп, күні-түні жасаған еңбегінің жалақысы уақытылы берілмейтіні белгілі болды.
Нақып апайдың ер жүректігі мен еңбексүйгіштігі қазақстандықтарды бей-жай қалдырмағаны рас. Оған еріктілер материалдық көмек көрсетуді қолға алыпты. Тіпті қайырымды жандар апайға ұялы телефон әперіп, Kaspi Gold картасын ашып берген.
Мұқтаж отбасыға қаржылай көмек көрсетем десеңіз, мына нөмірге хабарласыңыз: +7 708 251 85 60