$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтардан жақсы екен»: грузин қыздар домбыраның сүйемелдеуімен қазақтың халық әнін шырқады (ВИДЕО)

"Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра", "Қазақша білмейтін қазақтардан жақсы екен", "Келін қылу керек қой мыналарды", "Біздің қазақшаны менсінбейтін, білмейтін, білгісі келмейтіндерге үлгі тұтар көрініс екен", "Жарайсыңдар, қыздар", "Бір көтеріліп қалдым ғой", - деп пікір білдірді олар.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Грузин қыздар домбыраның сүйемелдеуімен қазақша ән шырқады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сисенғали Исмағамбетов есімді азамат Facebook-парақшасына қазақтың дәстүрлі әншісі Бейбіт Мұсаевпен бірге халық әнін шырқаған грузин қыздардың видеосын жариялады. 

Видеода әнші қыздардың бірі ағылшын тілінде домбыраны серік еткен Бейбіт Мұсаевты көпшілікке таныстыра келіп, "Гүлдер-айым" әнін әдемі орындап шыққанын көруге болады. 

Видеоның қай елде түсірілгені белгісіз, бірақ шет елдегі бір байқауда түсірілген болуы мүмкін. Грузин қыздар танымал дәстүрлі әншімізді танып, өздері қазақша ән шырқауға қолқа салғанға ұқсайды. 

Желі қолданушылары домбыраның сүйемелдеуімен қазақша ән салған қыздарға тамсанып, алғысын жаудырып жатыр.

"Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра", "Қазақша білмейтін қазақтардан жақсы екен", "Келін қылу керек қой мыналарды", "Біздің қазақшаны менсінбейтін, білмейтін, білгісі келмейтіндерге үлгі тұтар көрініс екен", "Жарайсыңдар, қыздар", "Бір көтеріліп қалдым ғой", - деп пікір білдірді олар.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары