"Имам да адам ғой" деген жазумен Марат Тортбаев есімді азамат Facebook-та видео жариялады. Видеода басына тақия киген сақалды кісінің бір топ қыз-келіншектермен билеп жүрген сәті түсірілген. Желіге жүктелгеніне аз ғана уақыт болған әлгі видеоны көргендердің бірі оның әрекетін даттаса, бірі жақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеодан біршама адамның Мұхтар Ханзада атты әншінің "Шаршама" әніне барын салып билеп жүргенін байқауға болады.
"Шамасы келгенше билейді ғой. Имамда адам ғой","Имам деген лауазым", "Артық ешнәрсе жасаған жоқ қой", "Аяқ-қолын созып, зарядка. Билесін!", "Имам билемесін деген заң жоқ шығар!?", "Онда тұрған не бар!?", "Иə, анда-санда билеуге болады дегендей", "Кешіріңіз, бірақ, исламда биге, әнге қарсы емес. Бір-біріне бөтен ер мен әйел жабысып билеуге қарсы, "әннің естісі де бар, есері де бар" дейді. Ән де ұятты жаман сөздер болмауы керек. Ал сіз имамдардан ұғып біліңіз! Сосын мынадай түсініксіз жазбайтын боласыз!", "Арабтың ұстанымы қашан жойылар екен!?Осы бұрындары ата-бабамыз тойға да барған, ән де айтқан, тойларда да көңіл көтеріп билеген, азанымен таза спирт ішкен, сақал жібермеген, қап-қара боп оранбаған, кимешек киген", "Арабтарға еліктеп бір күні бәрі педофил боп кетпесе болды", "Имамның жас кезі есіне түскен ғой", "Айналасында төрт келіншек билеп тұрса, қалай тұрсын!? Ауру емес қой енді", "Имамның басындағы маңғол тақиясы", "Жын кірген шығар", - деп желі белсенділері өзара қырықпышақ болды.