Қызылордалық келін өзін қайын атасының сабайтынын айтты, деп хабарлайды NewsRoom+.
Оның айтуынша, тұрмысқа шыққанына 12 жыл болған. Келін болып түсе сала, алғаш рет енесінен таяқ жеген ол әйел адамның өзіне қол көтеруіне көз жұма қараған. Дегенмен, бұл әулетте адамға қол көтеру «отбасылық әдет» болып шығыпты.
«Күйеуімнен таяқ жегенім бір бөлек, қайныларым бар. Олар да бірдеңе ұнамай қалса, соққының астына алады. Оны көріп тұрған атам да, енем де үн қатпайды. Енді кейінгі екі жылда қайын атам да қол көтеретінді шығарды. Шақырғанда естімей қалсам да қолындағы аса таяғым ен төбемнен қойып қала салады. 4 балам бар, бұлардан қашып барар жерім жоқ, амалсыз жүрмін», - дейді ол.
Өзін Шынар деп атауды өтінген келіншек осыған дейін бір рет құзырлы органдарға шағымданып көріпті. Дегенмен, жергілікті билікпен байланысы мықты қайынжұрты істі дер кезінде жаптырып тастаған. Өзі жетімдер үйінде өскен келіншек балаларының тірі жетім атанбауы үшін осындай қорлыққа шыдап жүргенін жасырмады.