Айнұр Тұрсынбаева жаңа отбасыға аяғы ауыр боп келетін келіндер мәселесін көтерді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, баласы келін түсірерде, көп ана келіннің бала туа алатынына күмәнмен қарайды екен. Сол себепті көтеріп барып, босаға аттайтын қыздардың саны артып отыр.
"Бұрын келіннің аяғы ауыр боп келсе масқара еді, қазір аяғы ауыр боп келсе қуанамыз" деді бір апамыз. Себебі бедеулік күн санап көбейіп барады. Келін келсе, "туа ала ма екен" деп үркіп қарайтын болдық.
Статистикада бала көтере алмайтын әйелдердің 30-40% тым ұқыпты, тазалықты сүйетіндер екен.. Орысша "перфекционист"! Түпсанасында "бала шашады, үйдің бәрін былғайды, төгеді" деген қорқыныш бар.
Тағы бір 20-30% келіншектер кішкентай кезінде қуыршақ ойнамаған, еркекшора боп өскен, яғни аналық инстинкт оянбаған. Байқасаңыздар, қазақта баласы жоқ отбасында "бала асырап алу" ырымы бар. Артынша көтере алмай жүрген келін бала туып жатады.
Неге?! Себебі, сәбиге еміренген кезде аналық инстинкт оянады. Және кішкентай қыздардың немен ойнап жүргенін қадағалаңыз. "Мама-папа" ойнаса бөгет жасамаңыз.
Мысалы, мен кішкентай кезімде қонақ шақырып ойнайды екенмін. Және қолыма түскен затты домбыра қылып тартады екенмін. Визуализация!
Кеше бір келіншек "бала туу қорқынышты, одан да тумаймын деп ойлай беретінмін, қазір көтере алмай жүрмін" деп жазды.
Адам қатты уайымдағанда, бір нәрсені қатты қаласа, гармондар ойнай бастайды, жүйкесі жұқарып мақсатына жете алмайды. ЭКО жасағанда сәтсіз боп жататыны да сондықтан.. Жас қыздар тез көтеретіні басында қатты ой жоқ, 40-тан асқанда уайым көбейіп, бала көтеру қиынға соғады!
Бәленің бәрі-мидан! Бала көтере алмай жүрсеңіз, ең алдымен, Алладан дұға тілеңіз! Қорқынышпен емес, маxаббатпен! Ауызбен емес жүрекпен!
Екінші аффирмация! "Мен дені сау баланы аман-есен дүниеге әкелдім.! Аллаға шүкір!" Аффирмация түпсанадағы қорқынышты бұзады. Ол үшін өте көп айту керек.
Үшінші визуализация! Аяғыңыз ауыр болып перзентxанада отырсыз, баланы емізіп отырсыз..Тіпті қуыршақ сатып алып сәби сияқты мәпелеңіз.. Жаңа туған сәбидің ит көйлегін кигізіп қойыңыз..Сәбидің иісін сезініңіз, жылаған дауысын естіңіз.. "Мен анамын" деген көңіл-күйге (состояниеге) кірген кезде қажетті дәрігер алдыңыздан шығады..
Емделмей жүрген ауруыңыз кете бастайды", - деп жазды ол Instagram-парақшасына.
Айтыскер барлығы мидағы түпсанаға байланысты екенін баса айтты. Бала кезден миға берілген команда өсе келе жұмыс істейтінін дәлелдемек. Ол аффирмацияны дұрыс жасаған кезде ғана ойлаған мақсатқа қол жеткізуге болатынын баса айтты.
Айнұр Тұрсынбаева жазба соңында барлық әйелге аналық бақытты сезінуді тіледі.