Кездейсоқ куәгер болған алматылық әйел ұрлау әрекеті туралы полицияға хабарлады. Қызды ұрлаудың ұйымдастырушысы мен қатысушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Stan.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Байқампаз алматылық әйел Юлия «Автосити» сауда орталығының маңында біреудің ұрланғанына куә болды. Ол ұрлаушыларды тоқтатуға тырысты, бірақ, нәтиже болмай, машинаның нөмірін есіне түсіріп, полиция шақырды.
«Кешкі сағат 21.30 шамасында сауда орталығына кіреберісте бір топ ер адамдарды байқадым. Содан біраз у-шу болып кетті, қыз айқайлады. Мен олардың екеуінің оны ұстап алып, көлікке күштеп итермелеп жатқандарын көрдім, ал қалғандары жақын жерде тұрды. Мен көлікке қарай жүгіре бастадым, бірақ, олар есікті жауып алып, жүріп кетті. Мен нөмірді есіме сақтап алдым. Қалған жігіттер: «Бәрі дұрыс, бұл – дәстүр, олар үйленуге кетті», - деді. Мен қатты ашуландым, мұндай «дәстүрлердің» салдарынан қыздар өз-өзіне қол жұмсайды», - деді Юлия.
Ол полицияға қоңырау шалып, операторға көлік нөмірін, түсін айтып, жағдайды баяндап берді.
Полиция куәгерлердің хабарлауынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оның барысында қыздың жеке басы анықталды. Ол өз кезегінде бейтаныс ер адам оны «ұлттық дәстүрге сай ұрлап әкеткенін» хабарлады.
Тағы оқи отырыңыз: «Келін келсе, «туа ала ма екен» деп үркіп қарайтын болдық» - Айнұр Тұрсынбаева
Түркістан облысында қыз алып қашу өршіп барады
Жамбыл облысында 4 жігіт қыз алып қашқаны үшін сотталды
«Қыз келісімін бермей, өз бетінше кетіп қалды. Күдіктінің жеке басы да анықталды. Ол бірнеше сағат ішінде ұсталып, оны жауапқа тарту мәселесі қаралмақ. Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.