$ 449.3  489.69  4.89

Владислав Косарев «ұйқы ауруына» шалдыққан жұрттың мәселесін көтерді

Депутат Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына арнайы сауал жолдады.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владислав Косарев «ұйқы ауруына» шалдыққан Ақмола облысындағы Калачи мен Красногорск тұрғындарының мәселесін көтеріп, мемлекеттік органдарға сауал жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ақмола облысының Есіл ауданына қарасты Калачи және Красногорск ауылдары тұрғындарының белгісіз «ұйқы дертіне» шалдыққанын жақсы білесіздер. Бұл қайғылы жағдайға 4 жылдан астам уақыт өтті. Осы дерттен 180-нен астам адам зардап шекті. Олардың көпшілігі әлі күнге дейін өздерін нашар сезінеді.

Осы мәселе бойынша Үкімет азаматтарды басқа жерге көшіру туралы қаулы қабылдаған. Сол үшін арнайы қаржы бөлінді», - деген депутат Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына арнайы сауал жолдады.

Оның айтуынша, бұл оқиғаны ұмытып кетуге болар еді, бірақ, бұл жерлердің тұрғындары тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғандығын тергеуді талап етеді.

«Кеше олар бізге келіп, проблемаларын айтты. Бұл ауылдарда әлі 30 отбасы тұрып жатыр. Олар істі тергеуді талап етіп отыр. Тұрғындар ауылды көшіруге 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген деп отыр», - дейді коммунист шенеунік.

Еске сала кетсек, Ақмола облысының Есіл ауданына қарасты Калачи мен Красногорск ауылдары тұрғындарының «ұйқы дертіне» шалдығуы туралы ақпарат 2015 жылы тараған еді. Сол кездегі вице-премьер Бердібек Сапарбаев медициналық тексерістің қорытындысы бойынша бұл дерттің тарауына улы газ себеп болғанын айтқан.

Себебі, сол ауылдардың іргесінде Кеңес билігі кезінде өндіріліп, кейін жабылып қалған уран кеніші бар. Соның салдарынан, екі елді мекенді жаппай көшіруге мемлекеттік бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары