02.03.2020, 15:20

«Нұрсұлтан» шаруа қожалығы лимон өсіріп, 5 миллион теңге пайда тапты

Фото: Түркістан облысы баспасөз қызметі
Қазір мұнда көшеттер топыраққа отырғызылып, күтіп-баптауға алынған.

Түркістан облысы Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы өткен жылы 10 сотық (1 мың шаршы метр) лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы мәлімдеді.

Жиналған өнімнің әр келісін шаруа 800 теңгеден саудалап, 5 миллион теңге пайдаға кенелген. Сөйтіп, биыл лимон бағының көлемін тағы 10 сотыққа ұлғайтқан. Қазір мұнда көшеттер топыраққа отырғызылып, күтіп-баптауға алынған.

«Лимонның көшеттерін 2016 жылы Өзбекстан елінен арнайы алдырттық. Жылыжай құрып, үшінші жылы 3 тонна, ал биыл 5 тонна өнім алдық. Әр түп шамамен 30-40 келіден өнім берді. Негізінен әр түп лимон 25-30 жыл өнім беруге қауқарлы», – дейді жылыжай бағбаны Юлдаш Аблазов.