11- жастағы Ділнәзге дәрігерлер гидроцевалия диагнозын қойған. Қазақша тәржімаласақ, бас сүйекте ми-жұлын сұйықтығының көбеюі дегенді білдіреді. Сырқатына қарамастан Ділнәз бес тіл меңгеріп, ерекше есте сақтау қабілетіне ие, деп хабарлайды Stan.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Екі қызым бар. Ділнәз екіншісі. 20 жылдан кейін 38 жасымда босандым. Перзентханада босанатын бір күн бұрын сақтау бөлімі апарды. УЗИ-ге түскен кезде қызыңыз гидроцефалия деп айтты. Оған дейін дәрігерлер айтпады. Босанғаннан кейін дәрігерлер баланы маған берген жоқ. Сол уақытта «бала гидроцефалия, басына су жиналған. Тастайсыз ба» деді. Баланың ақыл-есі кем, су жиналып қалған», - дейді Гүлнәр Әбдіхалықова.
Бір кездері Ділнәздің салмағы көбейіп кеткен. Содан шарасыз ана қызын Түркияға апарып емдетіпті. Содан бері салмағы бірқалыпта екен.
«Үш жасқа дейін жүрмейтін. Жатып өрмелейтін. Сол кезде видеодағы кішкентай балалардың дауысы бар видеолар көрсете беретінбіз. Содан тіл үйреніп алған өзі. Телефон нөмірлерін жаттап алады. 40-тай нөмір жатқа біледі. Шырылдап жылай беретін. Түнімен ұстап жүретінбіз үлкен қызымыз екеуміз. Қырқынан шықпай жатып жасалған отаның арқасында басын қазір ұстай алады. Алты айдан кейін тағы жасады. 2013 жылы тағы бардық. Салмағы гормонды дәрілер ішкеннен кейін көбейіп кетті. Қазір 52 келі. Бұрын салмағы 77 келі болған еді. Ол кезде жасы сегізде еді», - дейді қыздың анасы.
Гидроцефалия дертімен туылатын балалар аз емес екен. Қазіргі уақытта 97 балада осы аурумен ота жасалыпты. Әртүрлі себептері бар екен. Дәрігерлердің айтуынша, жатырға инфекция түскен кезде, яғни жыныстық қатынаспен жұғуы мүмкін екен.
«Ауруханада тастап кет деп айтты дәрігерлер. Бірақ өз қызымызды қалай тастауға болады? Ділнәз ағылшынша, түрікше, итальян, орысша, қазақша тілдерін біледі. «Ау, жаным» деп айтшы дейді. Құшақтап, сүйгенді жақсы көреді. », - дейді әкесі Петр Первов.
Айтуынша, үйде ешкім бір-бірімен ұрсыспауға тырысады екен. Өйткені Ділнәз жақтырмайды дейді анасы. Ол сабақты да жақсы оқиды екен. Кезекті ота жасату үшін олар Түркия еліне аттанбақшы.
«Бізге Түркидан баланың аяғына ота жасау үшін хат келді. Екі аяғы қисайып кеткен. Сол аяқ, сол қолы, тізесі созылмайды. Сіңірін созады. Соған ота жасатуға барамыз. 2018 жылы барғанда сол жақта тексеруден өткенбіз. Ортопедтер көріп, солар шақырып жатыр. Ол ота 29 220 мың доллар тұрады. Аяғына микрохирургтер жасаймыз деді. Ол ота ұзаққа созылады. Қазақстандық дәрігерлер ота жасағаннан кейін ешқандай кепіл бере алмайтындарын айтты. Тіпті жатып қалуы мүмкін дейді. Сөйтіп Түркияға апаратын болдық. Халық тарапынан азғантай көмектер болып жатыр», - дейді анасы.
Ділнәздің әкесінің айтуынша, қазақстандық дәрігерлердің барлығына барған.Олар нақты диагноз таба алмапты. Анасы осы отадан кейін қызының жүріп кететініне сенімді екенін жеткізді.
«Ділнәздаың келісі көтеріліп кеткен. Дәрігерлер қант-гипофиз дейді. Түркияға барғанда бірінші энекринологқа кірдік. Бізге олар қатты көмектесті. Қолтығы және мойны қарайып кетсе, инсулині көбейіп кеткен дегенді білдіреді. Анализ қорытындысы шыққаннан кейін 5-6 есебі инсулин көтеріліп кеткен деді. Екі-үш ай кешіксе созылмалы ауру болып кететінін айтты», - дейді қыздың әкесі.