$ 514.65  544.6  5.17

«Қазір мені атып тастаса да»: өзге елден кірген 170 000-нан аса көліктің тек 10 шақтысы уақытша тіркеуге тұрып үлгерген

Күні кеше де ақтөбелік жүргізушілер шетелдік нөмірі бар көліктердің мәселесін шешіп беруді сұрап облыстық әкімдіктің алдына тағы да жиналды.
Фото: malim.kz
Фото: malim.kz

Елімізде шетелден әкелінген көліктерді уақытша тіркеу уақыты аяқталды. Алайда президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ берген бір айдың ішінде Қазақстанға Армения, Қырғыз елдерінен кірген 170 000-нан аса көліктің тек он шақтысы ғана уақытша тіркеуге тұрған. Үкімет басындағылар уақытша тіркеудің күні бітсе де, уақытша тіркелмеген мыңдаған көлікке қатысты шешімді әлі қабылдай алмай отыр.

24 қаңтар күні президент Тоқаевтың шетелден әкелінген көлігі бар адамдар 1 наурызға дейін кедендік баж салығы мен утилизация алымын төлеп, көлікті алдымен уақытша кейін тұрақты тіркеуден өткізуі қажет немесе көлікті Қазақстан аумағынан шығаруға тиіс деген тапсырма берген еді. Бірақ үкімет бұл істі ұйымдастыра алмады. Уақытша тіркеуге берілген бір айдың ішінде сары нөмірді ел бойынша тек он шақты көлік қана алған. Басым бөлігі биліктің мұндай шешіміне қарсы шығып, қайта қарауды талап етті.

«Еуроодақта қандай келісім болып жатқанын білмейміз. Шекарадан өткенде шекарашылардан сұрадым, «Аға, біз ештеңе білмейміз, машинаны кіргізіңдер деді, біз кіргізіп жатырмыз», -деді. Елбасы бар, президентіміз бар осы шаруамызды шешіп, осы машинамызды тіркеп берсін. Төлейтін біздің ақшамыз жоқ. Қазір мені апарып қамап, атып тастаса да», – дейді Елтілес ҚОНЫСБАЕВ.

Күні кеше де ақтөбелік жүргізушілер шетелдік нөмірі бар көліктердің мәселесін шешіп беруді сұрап облыстық әкімдіктің алдына тағы да жиналды. Олардың шағымын Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат ТОҒЖАНОВ тыңдады. Шенді уақытша тіркеудің уақыты аяқталса да нақты шешімнің шықпағанын айтып, халықтан ойлануға уақыт беруін сұрады.

«Өздеріңіз білесіздер президент Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ үкіметке тапсырма берген болатын. Бұл мәселе бойынша сұрақтарды бірден шешу өте қиын. Өте қиын. Сондықтан да уақыт керек қой мұның барлығына», – деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов.

Қазір Ішкі Істер министрлігі Еуразия экономикалық одағы аумағынан әкелінген көліктерді тіркеуге қатысты екі түрлі жағдай қарастырып жатқандарын айтқан еді. Ол – бүгінгі күнге дейін ел аумағына кіріп үлгерген шетелдік нөмірлі көліктерді шығынсыз алғашқы тіркеуге қою болса, екіншісі уақытша тіркеуге төленетін төлемдердің уақытын бір жылға созу. Алайда бұл екі нұсқа да әзірге ұсыныс ретінде қаралуда. Ресми орындар әлі нақты шешімді қабылдаған жоқ.

Дереккөз: Malim.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары