$ 494.87  520.65  4.91

«Гарант 24 Ломбард» пирамидасын құрушыларды полициядан бұрын «Дикий Арман» тауып алды

«Егер сен мені алдасаң, аяқ-қолыңды сындырамын. Түрме құтқарады деп ойлама! Біз сені Молдаваның түрмесінен тауып алдық қой. Қайда қашсаң да айырмашылығы жоқ, сол сияқты кез келген жерден ұстап алып, аузыңды бұзамын», - деді «Дикий Арман».

«Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Аслан Мұрзабеков салымшылардың ақшасы кімде екенін айтып, бар кінәні өзінің серіктесі – «Выгодный займ» ЖШС-нің құрылтайшысы Жанболат Есіркеповке аударды. Ал оған бұл шындығын құқық қорғау органдары емес, кейінгі кезде қылмыс әлемінің серкесі деп танылған «Дикий Арман» айттырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетсек, Аслан Мұрзабековтің өзі қазір Молдовада. Қазақстанға экстрадициялануды күтіп жатыр. Сонда жүріп, ол барша қазақстандықтардан бейнежазба арқылы кешірім сұрады.

«Бастапқы кезде компания Жанболат Темірұлының көмегімен ашылды. Ол ақша табуды ұсынды, бірақ, қандай жолмен екенін айтқан жоқ. Компания екі жыл жұмыс істеген соң бәрі жақсы болады деді. Біз келістік.

«Есіркепов үш компанияда – «ESTATE Lombard», «Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ» ЖШС-інде ақша жеткілікті екенін айтты. Қазіргі кезде барлық ақша сол жақта. Мен өз әрекетім үшін кешірім сұраймын. Өтінемін, түсініп, кешіріңіздер», - деді Мұрзабеков.

Ал оны бұған дейін «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыскер Арман Жұмагелдиев бейнеқоңырау арқылы қорқытып, алданған халықтан екі минуттың ішінде кешірім сұрап үлгеруге мәжбүрлеген еді.

Жауапкершіліктің бәрін Жанболат Есіркеповке ысыра салған сөздерінен кейін оған Арман Жұмагелдиев: «Егер сен мені алдасаң, аяқ-қолыңды сындырамын. Түрме құтқарады деп ойлама! Біз сені Молдаваның түрмесінен тауып алдық қой. Қайда қашсаң да айырмашылығы жоқ, сол сияқты кез келген жерден ұстап алып, аузыңды бұзамын», - деп жекіді.

Бәрін түсінген кейіп танытып, момақан болып отырған алаяққа «Дикий Арман» одан әрі: «Егер мен сенің жағыңды айырмасын десең, не білетініңнің бәрін айтып, қазақ халқынан видеожазба арқылы кешірім сұра да, сол жазбаңды маған жібер! Сенің екі-ақ минут уақытың бар...», - деп жер-жебіріне жете балағаттап, қоқан-лоққы көрсеткен.

Еске сала кетсек, Аслан Мұрзабеков қаңтар айының соңында Ақтөбеден Орынборға, одан Мәскеуге ұшқан. Содан кейін пойызбен Кишиневке аттанған. Енді қазақстандық тараптың арнайы өтініші бойынша, оны қазір Молдова полициясы ұстап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары