05.03.2020, 05:00

«Мешіт, базардың жанында отырған қайыршылардың көбі – қазақтар. Әлеуметтік желіде одан да көп» - әнші

«Тек Алладан қайыр сұрап жүрген қол-аяғы бүтіндерге, жастарға күш-қуат пен намыс тілеймін!» - дейді Жазира Байырбекова.

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде қайыр сұрайтындарға пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шындыққа тіке қарауға ұялады айтсам... Мешіттердің, базарлардың жанында отырған қайыршылардың көбі – қазақтар. Әлеуметтік желідегі қайыршылар одан да көп. Мен оларды кінәламаймын. Тек Алладан қайыр сұрап жүрген қол-аяғы бүтіндерге, жастарға күш-қуат пен намыс тілеймін!

Аллам біздің де, олардың да күнін ешкімге қаратпаса екен. Бірде-бір қазақты алақан жайдырып, қайыршы етпесе екен деп сіздер де тілеңіздерші! «Көп тілеуі – көл» дейді ғой» деп жазды ол Instagram парақшасында.