05.03.2020, 11:40

Ғалымдар үйді коронавирустан қорғау үшін есіктің тұтқаларына ерекше назар аударуға кеңес береді

Сонымен қатар тазарту жұмыстарын күніне екі рет жүргізу қажет екенін ескертті.

Сарапшылар бөлмені дезинфекциялау кезінде үстел, орындық, есік тұтқалары мен тұрмыстық құралдарға ерекше назар аударуға кеңес берді. Қытай ғалымдарының пікірінше, үйді коронавирустан қорғау үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтап, қажетті процедураларды үнемі жасап отыру керек. Бұл туралы Фэнхуан ван порталына сілтеме жасап, "Хабар-24" хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, үйдегі үстелдер, орындықтар, есік тұтқалары мен адамдардың күнделікті тұтынатын тұрмыстық құралдарды үнемі дымқылдап сүртіп отыру керек екенін айтты. Сонымен қатар тазарту жұмыстарын күніне екі рет жүргізу қажет екенін ескертті.

Ал үйге қонақ келгенше және қонақ кеткеннен кейін үйде тазарту жүргізу керек. Мамандар ол үшін хлор ерітіндісін немесе құрамында спирті бар дезинфекциялық құралдарды қолдануға кеңес береді.

Тегтер: коронавирус