Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров митингтерді полицияның күшімен тоқтату мүмкін еместігін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қоғам үшін өзекті мәселеде үнсіз қалмайтын саясаттанушы бұл пікірін Facebook парақшасында жазды.
"Министр мырза, митингтерді полицияның ғана күшімен тоқтату мүмкін емес! Сіздер, өздеріңіздің ұшқыр әдістеріңізбен, бұл мәселені асқындырып отырсыздар. Сіздердің әдіс-тәсілдеріңіз, митингіге деген, басқа тыныш жүрген азаматтардың қызығушылығын арттыруға қабілетті.
Митингілерді тоқтату үшін елімізде әлеуметтік модернизация мәселесін шешіп, саяси аренада жаңа буынның келуін қамтамассыз ету керек", - деп министрге азаматтық пікірін білдірді.
Мұнымен мүдірмей, демократиялық жүйе орнатудың тиімділігіне тоқталды.
"Мәселен, "Демократиялық жүйе орнатып, адамдардың ойын еркін жеткізуге талпыныс жасау өзекті.
Менің ойымша, сол келісілмеген митингілерге келген адамдарға өз ойын жеткізуге мүмкіндік берсе, ешкімнің "көзі шығып, мұрны бұзылмайды".
Полицейлерге халыққа деген мейірбандық пен адамгершілік жөнінде курстар өту керек тәрізді.
Біздің халық сол полицейлерге біреу тиісіп жатқанда, әрқашан полиция жағында болады. Халықтың шынайы қорғаны болатын уақыт жетті!
Сіздің ведомство заңды адам құқына қарсы пайдалануды доғаруы керек.
Полиция жандарм емес, азаматтардың тыныштығы мен құқын қорғайтын орган. Осыны ұмытпаған жөн", - деп бір-ақ тоқтады.