08.03.2020, 14:20

Ақтауда 10 жастағы бала өз ақшасына гүл шоқтарын алып, көше сыпырушы әйелдерге таратты (ВИДЕО)

Кәсіпкер Шамрад Телеубаев өз парақшасына Әлижан оған үш жыл бұрын келіп, дәмханаға сағыз сатылатын аппарат қоюды өтінгенін жазды.

Ақтауда 10 жастағы оқушы «Қала жолдары» ЖШС-нің жұмысшыларын әйелдердің Халықаралық күнімен құттықтау үшін ақша жинапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кішкентай Әлижан видеоны өзінің Istagram парақшасына жариялаған. Одан оқушының көше сыпырушыларға жақындап, гүл шоғын сыйлап, 8 наурыз мерекесімен құттықтап жатқаны көрінеді. Бұл идеяны оған анасы айтыпты.

Оның бұл әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. «Міне, нағыз азамат! Ол бұл әрекеті арқылы аз да болса әйелдер қауымының көңілін көтере алды», «Мұндай балаларды тәрбиелейтін ата-аналар бар кезде бізді ешкім жеңе алмайды», «Жарайсың, Әлижан! Сен сияқтылар көп болсын! Өзіңе және жақындарыңа зор денсаулық тілеймін», «Ақылдысын-ай! Сенің анаңа көп рахмет!» деп жазған желі қолданушылары.

Ал кәсіпкер Шамрад Телеубаев өз парақшасына Әлижан оған үш жыл бұрын келіп, дәмханаға сағыз сатылатын аппарат қоюды өтінгенін жазды.

«Мен, әрине, мұндай аппараттарға қарсымын. Бірақ, оның бала кезден ақша табуға әрекеттеніп жатқанын көрген соң, аппаратты қайтарымсыз негізде орнатуға рұқсат еттім», - дейді ол.