$ 524.65  552.19  5.14

Мылқау балаларды ұрып-соққан атыраулық тәрбиешілер жазаланбады

Мүгедек балалар тілінде кемістік болғандықтан, мән-жайды түсіндіріп айтып бере алмаған. Бұл тергеу барысына қиындық тудырған-мыс және бейнежазбалар жеткіліксіз болыпты.

Атырауда арнайы мектеп-интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешілер жазаға тартылмайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, nege.kz-ке сілтеме жасап.

2019 жылы қаңтар-ақпан айларында мүгедек балаларды ұрып-соқты деген күдікке осы интернаттың бес қызметкері іліккен болатын. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сот-медициналық сараптама «екі бала жеңіл жарақат алды» деген қорытынды да жасап, қалған алты баланың жарақаты табылмаған.

Осы уақыт ішінде жарақат жазылып кеткен. Мүгедек балалар тілінде кемістік болғандықтан, мән-жайды түсіндіріп айтып бере алмаған. Бұл тергеу барысына қиындық тудырған-мыс және бейнежазбалар жеткіліксіз болыпты. Бірақ, күдікті тәрбиешілер жұмыстан шығарылған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары