$ 494.87  520.65  4.91

«Малды қонақ күту үшін ғана өсіреді»: депутат сырттан ет сатып алатын елге айналғанымызды сынады

Бұл - қабырға қайыстыратын жағдай.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

Кеңес армиясының ширек бөлігіне жуығын етпен қамтамасыз еткен Қазақстан қазір сырттан ет сатып алатын мемлекетке айналып отыр, деп жазады Qamshy.kz.

Бұл мәселені Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов көтерді.

«Бұл - қабырға қайыстыратын жағдай. Фактінің аты факт. Кеңес армиясының ширек бөлігіне жуығын етпен қамтамасыз еткен Қазақстан қазір сырттан ет сатып алатын мемлекетке айналды. Қазір елде азық-түлік дайындауда жеке сектордың үлесі тиімді пайдаланылып отырған жоқ», - деді ол.

Сонымен қатар Сауытбек Абдрахманов қазақтың бақтым деген малы тойы мен ішіп-жемінен артылмайтынын, тіпті аталған шаруашылық түріндегі бар мотивациясы да сол төңіректе шектелетінін айтып қынжылған.

«Ауылдағы азаматтардың мал өсіруге деген мотивациясы төмендеп кетті. Бірінші мотивация - күнделікті ішіп-жем, екінші мотивация – тойға мал жинау. Үшінші мотивация - қонақ күту. Одан артылатын малдың ауыл адамына қажеті шамалы болып тұр. Өйткені, ол малды нарыққа қосып, ақшаға айналдыра алмайды. Аудан орталықтарының жанында тұрған адамдар болмаса, 100-200 км қашықтықта тұратындардың малды қалаға әкеп өткізетін мүмкіндігі жоқ», - деді Мәжіліс депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары