$ 514.65  544.6  5.17

Сапарлары – 2,7 млрд теңге: шетелде демалып жатқан 4556 қазақстандық елге қайтарылмақ

Олардың негізгі бөлігі Мысырда (2246 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінде (573 адам), Тайландта (466 адам), Үндістанда (2016), Мальдивтерде (2044 адам) демалуда.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев шетелде жемалып жатқан қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда туристік саланың жағдайы оңай емес. Туроператорлар Қазақстан азаматтарын шетелге шығуын шектеуге байланысты шығындарды көтеруде. Біздің есеп бойынша, төтенше жағдайда жалпы 5526 адам сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын сапарлардан бас тартуы тиіс», - деді Өркен Бисақаев, ОКҚ-да өткен онлайн-форматтағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жолдамамен 4556 қазақстандық шетелде демалып жатыр.

«Олардың негізгі бөлігі Мысырда (2246 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінде (573 адам), Тайландта (466 адам), Үндістанда (2016), Мальдивтерде (2044 адам) демалуда. Қазір біздің туристерді елге қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл туристерді ұшақтармен қамтамасыз етуге біздің қазақстандық екі әуе компаниясы – Эйр Астана мен Скат жауапты», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Эйр Астана Алматы-Шарм әл-Шейх бағыты бойынша рейсін іске қосуда. Ол рейспен 223 адам қайтып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары